Барлық жаңалықтар

2024-04-26
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ
Күні кеше орталық базасында аймақтың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында елеулі еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулланың құттықтауымен басталды. Мұнан соң, «Astana HUB» халықаралық технопаркінің өкілдері ZOOM платформасы арқылы жиынға қосылып, IT саласындағы қыз-келіншектердің үлесі мен жетістіктеріне тоқталды. Елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар мен бағдарламаларды тілге тиек етті.

2024-04-25
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫҢ МҮМКІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Орталық базасында облыстағы аудан және ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлеріне арналған семирнар өтті. Жиынның басты тақырыбы креативті индустрияға арналып, оның жеңілдігі мен мүмкіндігі талқыланды.

2024-04-22
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Орталық базасында өткен кезекті шара осылай аталды. «Мансап» мектебімен бірлескен кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Еркін форматтағы жиында мектептің ішкі тәртібі мен оқушы қалауы, қыз баланың құқығы және қауіпсіздігі, жар таңдау, жыныстық сауаттылық сынды актуалды тақырыптар сөз болды.

2024-04-22
ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК
Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға әрдайым қолдау керек. Бар уақытын, күш-жігерін, арман-мақсатын перзент саулығына бағыттаған әйелдер үшін орталық базасында TED Talk форматында кездесу өтті. Басты мақсат – психикалық дамуында тежеуі бар балғындардың аналарына рухани әрі психологиялық көмек көрсету. Көкейдегі сауалдарына жауап табуға, өзара тәжірибе алмасуларына, сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен бетпе-бет сұхбат құруға мүмкіндік жасау.

2024-04-18
ОРТАЛЫҚ МЕДИАТОРЫ «КӨШ КЕРУЕН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округінде «Көш керуен» акциясы аясында кешенді іс-шаралар өтті. Облыстық Қазақсан Халқы ассамблеясының қолдауымен өткен игі бастама «Таза Қазақстан - таза аймақ» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, 100-ге жуық көшет отырғызуғымен бастау алды.

2024-04-17
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада бастаған делегация өкілдері бүгін «Анаға тағзым» орталығында
Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада бастаған делегация өкілдері бүгін «Анаға тағзым» орталығында болды. Мәртебелі меймандар ғимараттағы экспозициялық кешен, «Мирас» әжелер клубы, «Ұлт жақұты» музейлік залдарын тамашалап, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қатысты мәліметтерге қанықты.