КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫҢ МҮМКІНДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
2024-04-25

Аймақтың түкпір-түкпірінен келген мәдениет саласы қызметкерлері алдымен, «Анаға тағзым» орталығының қызмет бағытымен, жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Мұнан соң, орталық басшысы Алтынай Молжанова мен Креативті индустрия бөлімінің басшысы Айдана Маратқызы креативті индустрияға қатысты жаңашылдықтарды сөз етіп, Алматы қаласындағы іс-сапардан жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Ауылдық жерлердегі қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыстарын жандандырудың, насихаттаудың амал-тетіктері, мән-маңызына тоқталды.