ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК
2024-04-22

???? Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға әрдайым қолдау керек. Бар уақытын, күш-жігерін, арман-мақсатын перзент саулығына бағыттаған әйелдер үшін орталық базасында TED Talk форматында кездесу өтті. Басты мақсат – психикалық дамуында тежеуі бар балғындардың аналарына рухани әрі психологиялық көмек көрсету. Көкейдегі сауалдарына жауап табуға, өзара тәжірибе алмасуларына, сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен бетпе-бет сұхбат құруға мүмкіндік жасау.

✅ Еркін форматтағы шараға логопед-дефектолог, психолог, невропатолог сынды бірқатар сала мамандары қатысып, тән психологиясы, ерекше балалардың күтімі, ата-ана қолдауының маңызы, әйел-аналардың тұрақты дамуы сынды өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Сондай-ақ, шараға «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» РҚБ облыстық филиал өкілдері қатысып, одақ жайында кеңінен ақпарат берді. Кездесуде әрбір ана өз тәжірибесімен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына сала мамандарынан кәсіби кеңес алды.