«Анаға тағзым» орталығының ресми сайтына қош келдіңіз!
«Анаға тағзым» орталығы барша Сыр елі аналары мен қыз-келіншектері бас қосатын құтты шаңырақ.
Мақсаты
Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа мирас етіп қалдыру, дәстүрлі мәдениетті жаңғырту. Әйелдер еңбегін дәріптеу және оны өнегелеу. Қазіргі қазақ әйелдерінің рухани келбетін қалыптастыру. Қыз – келіншектерді, аналарды өмірге, тұрмысқа икемдеу, бейімдеу.
Міндеті
  • Қазақстан тарихында өзіндік ізін қалдырған аналар мен бүгінгі табысты, жетістікті нәзік жандардың өмір және еңбек жолдарын дәріптеу арқылы жас ұрпақтың еңбекке құштарлығын арттыру, іскерлікке, төзімділікке бейімдеу.
  • Мемлекет басшысының «Әділетті қазақстанның экономикалық бағдары» атты 2023 жылғы халыққа Жолдауындағы басты талаптың бірі - креативті индустрияның орталықта жандануын ұйымдастыру. Әйелдердің өз кәсіптері арқылы өнімдерін коммерциялауға қолдау көрсету.
  • Орталық жұмысындағы тағы бір басты басымдық - ұлттық кодты сақтай отырып, салт дәстүр мен мәдениетті бойына сіңірген және бүгінгі заман талабына сай шынайы қазақ аруының дұрыс қалыптасуына ықпал ету.
  • Келесі маңызды басымдық – отбасы құндылығын арттыру, бүгінгі бойжеткен, ертеңгі келін, ананы өзге үйдің отын жағудың, отбасын құрудың қыр – сырымен таныстыру, жаңа өмірге бейімдеу, қалыңдықтың келіндік келбетін қалыптастыру.
9
“Ұлт жақұты” музейлік залы, “Креативті индустрия” орталығы, психолог- медиатор кабинеті, 2 студия, 4 клуб
2
Конференц-зал (сыйымдылығы 50 орын) Мәдени-концерттік зал (сыйымдылығы 100 орын)
1000+
Клуб мүшелері
«Анаға тағзым» орталығының тарихы

«Анаға тағзым» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі - аймақ басшысының бастамасымен қала орталығында жаңадан бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени – әлеуметтік нысан.

Орталық құрылысының басталған уақыты - ақпан айы, 2023 жыл. Ғимараттың көлемі – 1379,3 м2. Қаржыландыру көзі – демеушілік. Жалпы сметалық құны - 1,7 млрд теңге.

Жобаны «Парасат» орденінің иегері, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаев қаржыландырды. Мердігер мекеме – «Шыңғыс» ЖШС.

Мәдени орталық 2023 жылдың 29 қыркүйегінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ресми түрде ашылды. Ал, 2023 жылдың 10 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев бастаған Үкіметтік делегация орталық жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

«Анаға тағзым» орталығының басшысы –Молжанова Алтынай Бекмағанбетқызы. Бүгінде мәдени нысанда 30-ға жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.

Орталық жұмысы Ұлы Даланың Ұлы аналарының киелі жолын дәріптей отырып, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, бүгінгі қазақ әйелінің рухани келбетін қалыптастыруға және креативті индустрияны дамытуға бағытталады.

Халқымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыратын «Анаға тағзым» экспозициялық кешенінде «Қазақ елінің Ұлы аналары» атты бірегей картина және ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін киіз үйдің инсталляциясы орналасқан. Сонымен қатар 4 клуб: («Мирас» әжелер клубы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Ана тілі» дебат клубы, «Жас отау» жас отбасылар клубы, Психолог-медиатор кабинеті),2 студия: («Береке» аспаздық студиясы, «Шамшырақ» фото-видео студиясы) жұмыс жасайды. «Ұлт жақұты» музейлік залы, 50 орындық конференц зал, 100 адамға лайықталған мәдени-концерттік зал және коворкинг орталығы бар.

75
75
75