Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада бастаған делегация өкілдері бүгін «Анаға тағзым» орталығында
2024-04-17

???? Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада бастаған делегация өкілдері бүгін «Анаға тағзым» орталығында болды. Мәртебелі меймандар ғимараттағы экспозициялық кешен, «Мирас» әжелер клубы, «Ұлт жақұты» музейлік залдарын тамашалап, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қатысты мәліметтерге қанықты.

✅ Мұнан соң, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған клуб-студияларды аралап, «ДАМУ LIFT» жобасы аясындағы шеберлік сағаттары мен дәрістерге куә болды.