АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ
2024-04-26

????Күні кеше орталық базасында аймақтың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында елеулі еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулланың құттықтауымен басталды. Мұнан соң, «Astana HUB» халықаралық технопаркінің өкілдері ZOOM платформасы арқылы жиынға қосылып, IT саласындағы қыз-келіншектердің үлесі мен жетістіктеріне тоқталды. Елімізде қарқынды түрде дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар мен бағдарламаларды тілге тиек етті.

✅ Ал, Сыр өңіріндегі ІТ бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен ондағы әйелдердің үлесін «Kyzylorda Hub» бизнес инкубаторының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев баяндап берді. Қызылордалық қыз-келіншектердің тың идеясын қолдап, іске асыру бағытындағы бірқатар жобаларды көпшілікке таныстырды. ІТ аруларын мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстады.

???? Жалпы, халықаралық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әйелдер мерекесі елімізде кәсіби мерекелер қатарына енбеген. Осы саладағы нәзік жандарға құрмет көрсетіп, тың серпін сыйлау үшін «Kyzylorda Hub» бизнес инкубаторы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығының мамандары «Анаға тағзым» ұжымымен бірлесіп, салтанатты жиын өткізгенін атап өткен жөн.