ОРТАЛЫҚ МЕДИАТОРЫ «КӨШ КЕРУЕН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
2024-04-18

????Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округінде «Көш керуен» акциясы аясында кешенді іс-шаралар өтті. Облыстық Қазақсан Халқы ассамблеясының қолдауымен өткен игі бастама «Таза Қазақстан - таза аймақ» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, 100-ге жуық көшет отырғызуғымен бастау алды.

✅ Мұнан соң, ҚХА делегациясының мүшелері мен Ақсақалдар кеңесі ауыл тұрғындарымен кездесті. Жиынға «Анаға тағзым» орталығының медиаторы Жанна Мейрамбекқызы да қатысып, көпшілікке этносаралық татулық, келісім мен ауызбіршілік, сындарлы сәтте ұлт бірлігінің мән-маңызы турасында ой-пікірін білдірді. Сондай-ақ, тұрғындардың бұл бағыттағы талап-тілектері мен мәселелерінің оң шешілуіне үлес қосу мақсатында қоғамдық қабылдау өткізіп, кәсіби кеңесін айтты.