Барлық жаңалықтар
2024-05-13
«Анам жайлы айтайын...» үздік пост байқауының жеңімпаздары марапатталды.
2-9 мамыр аралығында өткен шараға 50-ден аса үміткер бақ сынады. Қуантатыны, әлеуметтік желіде анасы туралы әдемі естеліктерімен бөліскендер қатарында Түркістан, БҚО секілді өзге өңірлердегі оқырмандарымыз бар.
2024-05-12
БҮГІН - АНАЛАР КҮНІ
Мемлекет басшысының ұйғарымымен биыл алғаш рет Қазақстанда «12 мамыр – Аналар күні» ретінде күнтізбеге бекітілді. Әлемнің 20-дан астам елінде тойланатын бұл мерекенің мақсаты ортақ: анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті паш ету, ана мәртебесін нығайтып, қоғамдағы рөлін арттыру.
2024-05-02
МОТИВАЦИЯҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ
Орталық базасында жасанды интеллектті алғаш рет қазақша сөйлеткен қызылордалық Асылжан Абдуллаевпен кездесу өтті. Жиында жас технократ ІТ саласындағы жетістіктері мен жобаларын таныстырды. Мәселен, Асылжан – тарихи тақырыптарды 15 секундта таныстыратын «Тарихнама» медиа жобасы, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аударып, дыбыстайтын «Orda Studio» студиясы және мылқалуларға арналған «QazTTS» жасанды интеллектінің авторы. Ал, ең сәтті жұмысы - QAZAQ-GPT. 300 мыңнан аса қазақша сөз бен 220 миллиардтай ақпарат енгізілген бұл алғашқы қазақша жасанды интеллектке Американың ІТ саласындағы алпауыт компаниялар қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуге шақырыпты.
2024-04-29
БІЗ БІРГЕМІЗ!
Өткен демалысты «Анаға тағзым» орталығының ұжымы тиімді пайдаланып, сауапты іске ұйытқы болды. Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек қолын созып, көлге тамшыдай үлес қосу мақсатында қаламыздағы ең ірі сауда орталығында қайырымдылық көрмесін ұйымдастырды.
2024-04-27
ЖАСТАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ОРТАЛЫҚ БОЛСЫН!
«Анаға тағзым» төрінен табылған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары осындай ізгі тілегін жеткізді. Сыр өңіріне іс-сапары барысында ғимаратқа арнайы ат басын бұрған мәртебелі меймандар өскелең ұрпаққа өміршең құндылықтарды дәріптеудегі тиімді тетіктермен танысты.
2024-04-26
ҚР ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Кенжелеп қалған өнер киіз басуды өскелең ұрпаққа дәріптеп, насихаттау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында ерекше форматтағы шеберлік сағаттары өтуде. Алматы, Түркістан, Шымкент өңірлерінен арнайы келген қолөнер шеберлері текемет басудың қызылордалық әдіс-тәсілдерін үйреніп, өз білгендерімен бөлісіп жатыр.