ҚР ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
2024-04-26

Кенжелеп қалған өнер киіз басуды өскелең ұрпаққа дәріптеп, насихаттау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында ерекше форматтағы шеберлік сағаттары өтуде. Алматы, Түркістан, Шымкент өңірлерінен арнайы келген қолөнер шеберлері текемет басудың қызылордалық әдіс-тәсілдерін үйреніп, өз білгендерімен бөлісіп жатыр.

⚜️ Ықылым заманнан келе жатқан халқымыздың көркемдік құндылығын жоғалтпай, барынша өміршең етуге үлес қосып жүрген шеберлермен орталық қызметкерлері тілдесіп қайтты. Кәнігі мамандардан текемет басудың қыр-сырын үйреніп, емен-жарқын сұхбат құрды. Толығырақ бейнеконтенттен көре аласыздар.

https://www.instagram.com/p/C6OYPUjibAE/