ЖАСТАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ОРТАЛЫҚ БОЛСЫН!
2024-04-27

Сырдың талантты перзенті, қаламы қуатты, сөзі уәлі журналист, ҚР Парламенті Сенатының комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп бастаған делегация өкілдері өткенің өнегесін бүгіннің бейнесімен үйлестіріп әрі уақыт талабына сай креативті бастамаларды іске асырып жүрген орталық ұжымына ризашылығын білдірді. «Береке» аспаздық студиясындағы ұлттық дәмнен ауыз тиген сенаторлар «Құрмет кітабына» ізгі тілектерін қалдырды. Сондай-ақ, «Анаға тағзым» жұмысын жандандырып, жемісті ете түсуге өз ұсыныстарын жеткізді.