Тәуелсіз сарапшылардан құралған қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орын @en_like Еңлік Оңталапқа бұйырды. НЗМ оқушысы «Менің анам робот па?» тақырыбындағы постында анасына деген сезімін креативті түрде жеткізіп, ешқандай технология, жасанды интеллект, роботтың ана махаббатын алмастыра алмайтындығын жазыпты.
Екінші орынға Түркістандық оқырманымыз @gulzhanatdiusenbaeva Гүлжанат Дүйсенбаева лайық деп танылды. Ол Семей облысы, Абралы ауданында дүниеге келген 92 жастағы анасының талайлы тағдырын «Менің анам Әзия» тақырыбындағы жазбасына арқау етіпті. Анасының соғыс жылдарындағы қиындықты көзбен көріп, тылда еңбек еткенін, Семей полигоны ядролық сынақ алаңына айналуына байланысты туған жерден өзге өңірге қоныс аударғанын, 11 баланы жарық дүниеге әкеліп, өсіріп-жеткізгенін тілге тиек еткен.
Ал, жүлделі бірінші орынды @domalak_ana инстапарақшасының иесі Сандуғаш Қапашова жеңіп алды. «Алтын алқа» иегерінің отбасынан бұл сайыста 4 адам белсенділік танытып, жазбаларын жариялаған екен. Ана жүрегінің кеңдігі, бала тәрбиесіндегі ерекше орны, отбасындағы маңызды рөлін Сандуғаш Қапашова өз постында әсерлі сипаттапты.
Байқауға демеушілік жасап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ұсынған @modex_kzoo дүкеніне және белсенділік танытқан барша қатысушыларға шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Оқырмандармен кері байланыс орнату мақсатындағы мұндай конкурстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.