БІЗ БІРГЕМІЗ!
2024-04-29

Игі шараға «Брендке бір қадам...» жобасының креативті кәсіпкерлері қатысып, өз қолдарымен әзірлеген туындыларын көпшілікке нарықтан төмен бағада ұсынды. Әшекей бұйымдар, тақия-орамалдар, жұмсақ ойынштықтар мен төсеніштер сынды көздің жауын алатын түрлі тауарларды ерекше қызығушылықпен сатып алған қызылордалықтар әрі тиімді сауда жасап, әрі қайырымдылыққа үлес қосқанына бек қуанды.

✅ Осылайша, креативті кәсіпкерлер таңнан кешке дейін халыққа тапжылмастан қызмет етіп, айтып келмейтін апаттан зардап шеккендерге жылу жинады. Нәтижесінде, сауда-көрмеден түскен жалпы табыстың 50 пайызын арнайы қайырымдылық қорына аударып, қиындықты бірге еңсеруге атсалысты.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Игі бастамаға қолдау білдірген «ARAY CITY MOLL» сауда, ойын-сауық орталығына және креативті кәсіпкерлерімізге шексіз ризашылығымызды білдіреміз!