Барлық жаңалықтар
2023-11-30
Сыр өңірінде «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы болып өтті
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, өңірлерден, аудандардан делегациялар, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар қатысты. Барлық өңірлердің Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, аудандардағы әйелдер кеңестерінің мүшелері онлайн режимде қосылды. Қонақтар үшін Сыр елінің өнерлі қыз-келіншектері жасаған өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түйе және ешкі сүтінен жасалған табиғи сабын, ұлттық киімдер мен әшекейлер, түрлі техникалармен салынған картиналар және өзге де ерекше бұйымдар қойылған.
2023-10-31
Орталығымызда «ҰЛЫҚТЫ ӘЙЕЛ – ҰЛТ ҰЙТҚЫСЫ» атты аймақ әйелдеріне арналған ашық есік күндері өткізілді
Қонақтарымыз орталық тынысымен танысып, тәжірибе алмасты. «Береке» аспаздық студиясында әр өңірдің ерекшелігіне сай бренд астарын пісірудің әдіс-тәсілдері көрсетілді. "Мирас" әжелер клубын әжелер ансамблі әсем әнге бөлеп, қолөнерші аналардың шеберлік сағаттары өткізілді. «Жас Отау» жас отбасылар клубында «Әйел - ана, шаңырақтың шырағы» тақырыбында семинар-тренингтер мен парасаттылық дәрістері жүргізілді. «Бойтұмар» қыздар клубында кәсіпкер, қолөнерші, коуч қыз-келіншектер мен аналар түрлі бағыттарда шеберлік сағатын өткізді. "Психолог-медиатор" кабинетінде «Әйел әлемі» атты тренинг аясында психолог мамандар өзара тәжірибе алмасты. "Шамшырақ" фото-бейне студиясында зейнеткер, еңбекші аналарымыз "Бір шәугім шай" бағдарламасына сұхбат берді. «Соworking» кабинетінде бала тәрбиесінде ертегі айту мен кітап оқудың маңыздылығын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылды. Креативті индустрия орталығында әр ауданның қолөнер шеберлері мен кәсіпкер қыз-келіншектердің қолынан шыққан түрлі бұйымдардан көрме-жәрмеңке арқылы бұйымдарын жұртшылыққа ұсынды.
2023-10-25
Құттықтаймыз!!!
Жаңа ғана орталық басшысы Алтынай Молжанова мемлекеттік марапат «Құрмет» орденін алды.
2023-10-17
«Бойтұмар» қыздар клубы – жасөспірім, бойжеткен қыздардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер алатын әдептілік алаңы
үгін орталығымызда мектеп оқушылары мен студенттерге аталмыш клубтың таныстырылымы өтті.
2023-10-16
Мұндай орталық республиканың әр облысында болу керек!
Сырдағы сапары барысында «Анаға тағзым» орталығына арнайы атбасын бұрған белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мен танымал теолог Нұрлан имам осылай деді.
2023-10-10
Мемлекет басшысы "Анаға тағзым" орталығына келді!
Аймақ орталығындағы бірнеше нысанды аралаған Қасым – Жомарт Кемелұлы қаламызда жаңадан бой көтерген «Анаға тағзым» орталығына келді.