Қонақтарымыз орталық тынысымен танысып, тәжірибе алмасты.
«Береке» аспаздық студиясында әр өңірдің ерекшелігіне сай бренд астарын пісірудің әдіс-тәсілдері көрсетілді.
"Мирас" әжелер клубын әжелер ансамблі әсем әнге бөлеп, қолөнерші аналардың шеберлік сағаттары өткізілді.
«Жас Отау» жас отбасылар клубында «Әйел - ана, шаңырақтың шырағы» тақырыбында семинар-тренингтер мен парасаттылық дәрістері жүргізілді.
«Бойтұмар» қыздар клубында кәсіпкер, қолөнерші, коуч қыз-келіншектер мен аналар түрлі бағыттарда шеберлік сағатын өткізді.
"Психолог-медиатор" кабинетінде «Әйел әлемі» атты тренинг аясында психолог мамандар өзара тәжірибе алмасты.
"Шамшырақ" фото-бейне студиясында зейнеткер, еңбекші аналарымыз "Бір шәугім шай" бағдарламасына сұхбат берді.
«Соworking» кабинетінде бала тәрбиесінде ертегі айту мен кітап оқудың маңыздылығын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылды.
Креативті индустрия орталығында әр ауданның қолөнер шеберлері мен кәсіпкер қыз-келіншектердің қолынан шыққан түрлі бұйымдардан көрме-жәрмеңке арқылы бұйымдарын жұртшылыққа ұсынды.