Мемлекет басшысы "Анаға тағзым" орталығына келді!
2023-10-10
Көптен күткен қуанышты сәт те келіп жетті. Сыр жұртшылығы Мемлекет басшысының Сыр еліндегі сапары барысындағы әрбір хабарды қалт жібермей отырғаны анық. Аймақ орталығындағы бірнеше нысанды аралаған Қасым – Жомарт Кемелұлы қаламызда жаңадан бой көтерген «Анаға тағзым» орталығына келді. Қонақтарды облыс әкімі аппаратының басшысы Ш.Байманов, кәсіпкер, меценат, «Парасат» орденінің иегері М.Дүйсенбаев күтіп алып, ғимаратпен танысуға шақырды 
Алдымен, Мемлекет басшысы Креативті индустрияға өз үлесін қосатын өңірдегі қолөнер шеберлерінің өнімдерінен жасалған көрмені тамашалады. Мұнан соң, «Қазақ елінің Ұлы аналары» атты экспозициялық картинамен танысып, «Ұлт жақұты» музейлік залы, «Мирас» әжелер клубында болды.Сыр арулары мен аналарының рухани шаңырағына қош келдіңіз, Президент мырза!