«Бойтұмар» қыздар клубы – жасөспірім, бойжеткен қыздардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер алатын әдептілік алаңы
2023-10-17

«Бойтұмар» қыздар клубы – жасөспірім, бойжеткен қыздардың сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер алатын әдептілік алаңы. Бүгін орталығымызда мектеп оқушылары мен студенттерге аталмыш клубтың таныстырылымы өтті. Клуб жетекшісі Айдана Маратқызы алдағы жоспарлар мен мақсат-міндеттерге тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 
Жалпы, қыз баланың бойына әдептілік, ар-иба, инабаттылық сынды қасиеттерді қалыптастыру бағытында психологиялық тренинг, поэзия кеші, қайырымдылық, арт-терапия сынды түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылмақ.