Мұндай орталық республиканың әр облысында болу керек!
2023-10-16

Сырдағы сапары барысында «Анаға тағзым» орталығына арнайы атбасын бұрған белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мен танымал теолог Нұрлан имам осылай деді. Олардың айтуынша, қыз-келіншектерді рухани қолдап, психологиялық көмек беретін сенімді орта қазіргі заманда аса қажет. Ғимараттағы әрбір клуб,студиялардың жұмысы дәл осы бағытқа жұмылдырылғаны меймандар көңіліне қуаныш ұялатты.
Мұнан соң, орталықтың мәдени-концерттік залында Ләйлә Сұлтанқызының қатысуымен кездесу өтті. Еркін форматтағы жиында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өздерін толғандырып жүрген мәселелермен бөлісіп, шешімін бірлесе табуға тырысты.