Барлық жаңалықтар

2024-01-25
Төл жоба! Жаңа айдар! «ТІЛГЕ ТИЕК»!
Кішкентай бүлдіршіндеріміз ұлттық құндылықтармен сусындап өсіп, тілі қазақша шықсын, қазақша ойлап, таза сөйлесін деген мақсатта осы айдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз, құрметті оқырмандар!

2024-01-10
ОТБАСЫ ЖӘНЕ МАНСАП
Бүгін орталығымызда өткен келелі кездесуге осы тақырып арқау болды. Шараға қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы арнайы қатысып, отбасы құндылығы, жанұядағы ер-азаматтың беделі, қоғамдағы әйелдің рөлі, адам өміріне ата тегінің әсері сынды өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Әсіресе, ұлттық болмысымызды сақтаудағы ана тіліміздің мән-маңызы, бала тәрбиесі тақырыптарында қатысушылармен тағылымды пікір алмасу өрбіді.

2023-12-25
ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕМІ – АНАЛАРМЕН ӘДЕМІ
Бүгін осы тақырыпта орталығымызда мәдени-мерекелік шара өтті. Жаңа жылдық бағдарламаның басты қонақтары – қарапайым еңбек адамдары. Шопан, сауыншы, хат тасушы, күрішші, тазалықшы, балықшы, аспаз сынды қоғамның сан түрлі саласында жемісті қызмет етіп, аймағымыздың өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосып жүрген 20-ға жуық әйел-аналар.

2023-12-15
ЫЗҒАРЛЫ КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІ: Желтоқсан оқиғасының куәгерлері – біздің орталықта
Алаш жұртының арманы болған азаттықтың ақ таңы атқанына – 32 жыл. Осы уақыт бедерінде еңсесін тіктеген Қазақстан әлемге дербес мемлекет екенін дәлелдеп, тәуелсіз әрі зайырлы елге айналды.

2023-12-09
СҰЛУ СЫРДАН - АРУ АСТАНАҒА
Астана қаласының 25 жылдығына орай Алашқа ана болған Сыр елінің Елордадағы Өнер күндері өтті.

2023-12-01
ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ӨНЕРЛІ АНАЛАР
Сыр аналарына құшағын жайған шаттықты шаңырақта тағы бір шуақты шара өтті. Бұл жолы орталығымызда ерекше әйел-аналар қонақ болды. Алдымен, «Анаға тағзым» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсеткен жігерлі жандар жаңа ғимаратқа әсем әнін әуелетіп, тәтті шашуларымен енді. Осылайша, құтты мекенге керемет көңіл күймен қадам басып, орталық тынысымен танысты. Креативті индустрия орталығында тіршілік тағы да қыз-қыз қайнады. Ерекше жандардың қолынан шыққан түрлі бұйымдардан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, орталық қызметкерлері сауда көркін қыздырды.