ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕМІ – АНАЛАРМЕН ӘДЕМІ
2023-12-25

Бүгін осы тақырыпта орталығымызда мәдени-мерекелік шара өтті. Жаңа жылдық бағдарламаның басты қонақтары – қарапайым еңбек адамдары. Шопан, сауыншы, хат тасушы, күрішші, тазалықшы, балықшы, аспаз сынды қоғамның сан түрлі саласында жемісті қызмет етіп, аймағымыздың өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне үлес қосып жүрген 20-ға жуық әйел-аналар.
Мерекелік шара ана мен баланың жаңа жылдық арман-тілегіне құрылған шағын театрландырылған-сазды көрініспен басталып, одан әрі облыстың әр түкпірінен жиылған адал еңбек майталмандарының әрқайсысының өнегелі өмір жолы, іскерлігі мен жетістіктері насихатталып, құрмет көрсетілді. Жиынға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, ізгі лебізі мен мерекелік ақ тілегін жеткізді.