Төл жоба! Жаңа айдар! «ТІЛГЕ ТИЕК»!
2024-01-25

Кішкентай бүлдіршіндеріміз ұлттық құндылықтармен сусындап өсіп, тілі қазақша шықсын, қазақша ойлап, таза сөйлесін деген мақсатта осы айдарды назарларыңызға ұсынып отырмыз, құрметті оқырмандар! Телефонға әуес ХХІ ғасырдың әрбір баласы пайдалы, креативті контент көруі қажет. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі болашақ. Оларға сапалы білім нәрін себу – баршамызға ортақ міндет.

✅ «Тілге тиек» айдарының алғашқы шығарылымындағы санамақ «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы, шығыстанушы Санжар Керімбайдың  «Әлдиден эпосқа дейін» кітабынан алынды. Дәстүрлі тәрбиені дамытуға бағытталған жаңа айдар алдағы уақытта талғампаз көрерменге таңдаулы туындыларын ұсынатын болады!

Толық видеоны YouTube арнамыздан тамашалаңыздар! https://youtu.be/yl3EOK-yQsU