Барлық жаңалықтар
2024-06-14
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН...
Бүгін «Анаға тағзым» орталығында Әкелер күніне арналған «МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН...» атты OPEN TALKS форматында кездесу өтті. Шарада ең алдымен, әкеге деген сағыныш, әке қадірін ұғындырып, көпшіліктің көзіне жас үйірген «Болмаған балалық шақ» спектаклінен үзінді сахналанды.
2024-06-07
«SYR BEINESI»: Мәдени қазыналар – жастар көзімен
«Анаға тағзым» орталығы ұйытқы болған кезекті шара осылай аталды. Басты мақсат – жергілікті мәдени брендтерді өскелең ұрпаққа заманауи түрде насихаттап, мәдени нысандарды жаңа, креативті қырынан көпшілікке таныту.
2024-06-01
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!
Балғындарымыздың төл мерекесінде “Әжемнің ертегісін” назарларыңызға ұсынамыз. Жаңа рубриканың алғашқы шығарылымы “Екі дос” ертегісіне арналды.
2024-05-24
Берекелі студияда кезекті шеберлік сағаты!
Бұл жолы Қызылорданың ми қайнайтар аптап ыстығында әрі шөліңді басып, әрі жеңіл тамақ болатын салқын сусындар әзірленді.
2024-05-17
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Бүгін «Анаға тағзым» орталығы мен облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндағы басты мақсат – неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексіне сәйкес, отбасылық және гендерлік саясатты қолдана отырып, отбасылық құндылықтарды сақтау, оның мәртебесін көтеру.
2024-05-15
17 отбасының зияткерлік, шапшаңдық, ұйымшылдық қасиеттері сыналған «ОйТӨБЕ» квест ойыны өз мәресіне жетті.
5 белестен тұратын интеллектуалды сайыста жанұя мүшелері «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер», «Батыр бабалар», «Сыр елі – жыр елі», «Зиялылар», «Салтын сақтаған Сыр елі» секілді тақырыптар төңірегінде арнайы дайындалған 50 сұраққа жауап берді.