ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2024-05-17
Қос тарап меморандум аясында сотқа дейінгі татуластыру рәсімін жүргізу жұмыстарын жандандыру, отбасы мүшелерімен медиация принциптерін қолдану арқылы жеке дара жұмыс жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы сынды бірқатар өзекті мәселенің түйінін бірлесе шешуге мүдделі.
Орталық базасында өткен кездесуде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров пен «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойып, отбасы құндылығы, ерлі-зайыптылар татулығы, ажырасудың алдын алу сынды ортақ мақсатқа жету жолында жұмыла әрекет етуге келісім жасады.