17 отбасының зияткерлік, шапшаңдық, ұйымшылдық қасиеттері сыналған «ОйТӨБЕ» квест ойыны өз мәресіне жетті.
2024-05-15

17 отбасының зияткерлік, шапшаңдық, ұйымшылдық қасиеттері сыналған «ОйТӨБЕ» квест ойыны өз мәресіне жетті. 5 белестен тұратын интеллектуалды сайыста жанұя мүшелері «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер», «Батыр бабалар», «Сыр елі – жыр елі», «Зиялылар», «Салтын сақтаған Сыр елі» секілді тақырыптар төңірегінде арнайы дайындалған 50 сұраққа жауап берді.

Картада межеленген орындарға жету үшін командалардың бірі жаяу, енді бірі қоғамдық көлікке мініп, ойын барасында ойды да, бойды да сергітті.