«SYR BEINESI»: Мәдени қазыналар – жастар көзімен
2024-06-07

 Фестиваль талабына сай, қатысушылар бес локация бойынша түсірілім жұмыстарын жасап, арнайы хэштегтермен фото-видеоларын әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялады. Олардың объективіне ілінген алғашқы нысан – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы. Мұнан соң, қатысушылар облыстық тарихи – өлкетану және «Ақмешіт» музейлері, С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болып, сәтті кадр, креативті видео дайындау үшін мәдени ғимараттардың іші-сыртын ұялы телефондарына таспалады.

Осылайша, «Анаға тағзым» орталығынан бастау алған фестиваль ҚР Тұңғыш Президенті саябағында қорытындыланды. #Syrbeinesi#АнағаТағзымКЗО кілт сөздерімен әлеуметтік желіде жарияланған фото-видеолардың ішінен үздіктері іріктеліп, арнайы номинациялар табысталды. Мәселен, "КРЕАТИВТІ VIDEOMAKER" номинациясына Айтолқын Қанатбекқызының жұмысы лайық деп танылса, Айғаным Оспанға "ҒАЖАЙЫП КАДР" номинациясы тапсырылды.

Жергілікті мәдени брендтерімізді өскелең ұрпаққа насихаттау бағытындағы шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Толық бейнероликті біздің YouTube каналымыздан көре аласыздар: https://youtu.be/7qCtJHR7ubs