Барлық жаңалықтар
2024-10-02
«АНАҒА ТАҒЗЫМНЫҢ» АЛҒАШҚЫ БРЕНД ӨНІМІ
«Өмір иірімдері» тұмары – «Анаға тағзым» орталығының алғашқы төл туындысы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, әрбір үйде тоқшылық, молшылық болсын деген ізгі ниетпен тұмардың өрнектері бидай пішінді, өте берік, қалың кендір жіптен екі тіндеп тоқылған. Төменгі тұсында бес моншақпен жалғасатын күміс қоңыраулы төрт шашақ бар. Бұл – әр шаңырақтың төрт құбыласы тең, жұлдызы жарық, бағы бес елі болсын деген аналардың ақ тілеуінен туған эксклюзивті әрі креативті бренд бұйым.
2024-09-29
АНАҒА ТАҒЗЫМ - ҰЛТҚА ТАҒЗЫМ
«Анаға тағзым» орталығына – 1 жыл. Айтулы күнге орай, орталықтың бір жылдық жұмысын қорытындылайтын деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз!
2024-09-27
БЕЛЕСІ БИІК 1 ЖЫЛ
«Анаға тағзым» орталығына – 1 жыл. Айтулы күнге орай, бүгін орталықта «Белесі биік 1 жыл» атты салтанатты шара өтіп, атқарылған жұмыстарға есеп берілді.
2024-09-24
«ӘЛДИ-АНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бесік жырының жаңа нұсқаларына арналған «Әлди-Ана» республикалық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Бүгін «Анаға тағзым» орталығында бір айға созылған конкурс материалдары қазылар алқасына ұсынылып, үздіктер іріктелді.
2024-08-16
«ӘЛДИ - АНА» БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
Бесік жыры - ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниетін, сәбиді жұбату және оның болашағына деген ақ жарқын аналық тілегін білдіреді десек, байқаудың басты мақсаты - Ұлттық құндылықтарымыздың ең алғашқы бастау бұлағы, тарихи жадыдан ажырамаудың негізі - ананың әлдиі екенін кеңінен насихаттау. Ана әлдиінің философиялық, этнографиялық, әлеуметтік мәнін ашу, сонымен қатар ұлттың өнері мен руханиятына еңбек сіңіріп жүрген өнер иелерінің шығармашылығын халыққа таныту.
2024-07-03
Қазақстандағы креативті және шығармашылық индустрияға кім жатады?
ҚР Үкіметінің 06.06.2023 ж. №447 қаулысына сәйкес креативті индустрия субъектілеріне мыналар жатады: • креативті индустрияға жататын ЭҚЖЖ тізбесіне сәйкес экономикалық қызметті жүзеге асырады; • авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектісіне мүліктік құқықтарды тиісті авторлық немесе лицензиялық шарттың болуымен растайды; • зияткерлік қызметтің нәтижелерін қоса алғанда, шығармашылық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды және тауарды өткізу не қызмет көрсету бойынша азаматтық-құқықтық мәміле жасау фактісін Құжаттамалық растай отырып, осындай қызметтен кіріс алуды жүзеге асырады.