«ӘЛДИ - АНА» БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ
2024-08-16

«ӘЛДИ - АНА» БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ ЖАҢА НҰСҚАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Байқау мақсаты

Бесік жыры - ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниетін, сәбиді жұбату және оның болашағына деген ақ жарқын аналық тілегін білдіреді десек, байқаудың басты мақсаты - Ұлттық құндылықтарымыздың ең алғашқы бастау бұлағы, тарихи жадыдан ажырамаудың негізі - ананың әлдиі екенін кеңінен насихаттау. Ана әлдиінің философиялық, этнографиялық, әлеуметтік мәнін ашу, сонымен қатар ұлттың өнері мен руханиятына еңбек сіңіріп жүрген өнер иелерінің шығармашылығын халыққа таныту.

Шарттары мен талаптары

  • Байқау онлайн форматта өткізіледі;
  • Байқауға қатысушылардың жасына, ұлтына шек қойылмайды. Шығарма мәтіні қазақ тілінде жазылуы тиіс;
  • Жіберілген шығарманың көркемдік деңгейіне аса мән беріледі; /Әннің құрылымына, сөз мәтінінің тақырыпты аша білуіне, әнді орындаушының жоғары кәсіби деңгейде орындау шеберлігіне баса назар аударылады/
  • Шығарма әуені құлаққа жағымды, сөзі баланың санасына ұлттық тәрбиені сіңіретіндей мағыналы болуы қажет.
  • Конкурсқа бұрын ешқандай интернет платформаларында жарияланбаған және осы ереже талаптарына сай келетін авторлардың жаңа шығармалары қабылданады.
  • Конкурсқа қатысатын үміткер өз туындысын электрондық нұсқада – (минусовка аранжировкасымен) және + (плюсовка орындаушы даусымен) аудио нұсқасы  , бұған қоса әннің нотасы мен мәтінін және шығармашылық мінездемесі, jpeg форматында 10х15 өлшемді сапалы суретін жіберуі керек;
  • Конкурсқа ұсынылған шығарманың ұзақтығы 2 минуттан кем емес, 3 минуттан аспауы қажет;
  • Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған қатысушылар марапат табыстау салтанатты шарасына өзі қатысу міндеттеледі. (салтанатты шарада  бесік жырының жаңа нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылады);
  • Жеңімпаз деп танылған қатысушы тарапынан талаптар орындалмаған жағдайда ұйымдастырушылар тарапынан байқау комиссиясына хабар беріліп, хаттама толтырылады. Тиісінше, ереже бұзған қатысушыдан кейінгі ұпай санын жинаған шығарма иесіне жүлде ауыстырылып, сыйақысы келесі жеңімпазға тағайындалады.

Қазылар алқасы және жүлделі орындар

Қазылар алқасының құрамы 3 кәсіби маманнан (ақын, сазгер, кәсіби әнші) құрылады. Қазылар алқасы мүшелері байқауға қатыса алмайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамалармен рәсімделеді және талқылануға, қайта қарауға жатпайды. Жіберілген барлық мәліметтер мен шығармалар арнайы қазылар алқасымен сараланады. Жалпы жүлде қоры 750 000 теңге.

Байқау қорытындысы қыркүйек айында «Анаға тағзым» орталығының   1 жылдығына арналған мерекелік концертте жарияланып, жеңімпаздар марапатталады. Бас жүлде жеңімпазының шығармасы салтанатты шарада орындалады (марапатталушылардың жол шығындары мен жатын орындары жіберуші жақтан немесе өз қаражаты есебінен қарастырылады).

Байқауға қатысу өтініштері 2024 жылдың 17 қыркүйегіне дейін  қабылданады. Жіберілген материалдар ұйымдастыру алқасында қалады және ресми парақшаларында («Анаға тағзым» сайтында, Facebook, YouTube, Instagram ) жарияланады.

Материалдар saltanatseitzhann@gmail.com электрондық мекенжай бойынша қабылданады. Қосымша ақпаратты  8 776-885-20-00 С.Салтанат байланыс телефонына хабарласу арқылы алуға болады.