Все новости
2024-12-20
«TOYLA! ҒAMILY FEST» отбасылық рухани-мерекелік кеші өтті
Татулық пен сүйіспеншілікті ту етіп, қоғамда берік отбасының іргесін қалаған жұптарды өнегелеуге бағытталған кезекті шара – «TOYLA! ҒAMILY FEST» отбасылық рухани-мерекелік кеші.
2024-11-29
Бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Анаға тағзым» орталығында «BRENDKE BIR QADAM» республикалық форумы өтті.
Форумда Сыр өңіріндегі креативті индустрия саласының дамуы мен жұмыс бағыты, креативті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында іске асып жатқан жобалар, алдағы жоспарлар талқыланды. Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Креативті индустриялар департаментінің басшысы Гүлісхан Нахбаева және Түркістан, Тараз, Алматы қалаларынан делегаттар арнайы қатысты.
2024-10-02
«АНАҒА ТАҒЗЫМНЫҢ» АЛҒАШҚЫ БРЕНД ӨНІМІ
«Өмір иірімдері» тұмары – «Анаға тағзым» орталығының алғашқы төл туындысы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, әрбір үйде тоқшылық, молшылық болсын деген ізгі ниетпен тұмардың өрнектері бидай пішінді, өте берік, қалың кендір жіптен екі тіндеп тоқылған. Төменгі тұсында бес моншақпен жалғасатын күміс қоңыраулы төрт шашақ бар. Бұл – әр шаңырақтың төрт құбыласы тең, жұлдызы жарық, бағы бес елі болсын деген аналардың ақ тілеуінен туған эксклюзивті әрі креативті бренд бұйым.
2024-09-29
АНАҒА ТАҒЗЫМ - ҰЛТҚА ТАҒЗЫМ
«Анаға тағзым» орталығына – 1 жыл. Айтулы күнге орай, орталықтың бір жылдық жұмысын қорытындылайтын деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз!
2024-09-27
БЕЛЕСІ БИІК 1 ЖЫЛ
«Анаға тағзым» орталығына – 1 жыл. Айтулы күнге орай, бүгін орталықта «Белесі биік 1 жыл» атты салтанатты шара өтіп, атқарылған жұмыстарға есеп берілді.
2024-09-24
«ӘЛДИ-АНА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бесік жырының жаңа нұсқаларына арналған «Әлди-Ана» республикалық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Бүгін «Анаға тағзым» орталығында бір айға созылған конкурс материалдары қазылар алқасына ұсынылып, үздіктер іріктелді.