Кәсіби медиаторлар мен психологтар мәмілесі – шиеленістер шешімі
2023-10-10

​Орталық жұмысының ең бір маңызды тұсы осы кабинетте көрініс таппақ. Қоғамда шаңырақтар шайқалмай, толыққанды отбасылар саны көбейіп, бала бақытқа бөленуде септігіміз тисе деген ниеттеміз. Себебі, кәсіби медиаторлар мен психологтардың біріккен одағы біраз түйткілді мәселенің өз шешімін табуына түрткі болады деп ойлаймыз. Бүгін Президент алдында орталық басшысы осындай ойлар айтты.
Жалпы, уақыттан оза жүретін кезеңде ғимараттағы бар жаңашылдықпен толық таныстырып шығу да мүмкін емес. Сондықтан, Алтынай Молжанова Мемлекет басшысына арнайы экран арқылы барлық студия-клубтардың жұмысы жайлы хабардар етті. Жақсы істер жалғасын таба бермек!