«Шамшырақтағы» сәті түскен сұхбат
2023-10-10

Видео-Арт бағытында сапалы контенттер дайындауды мақсат еткен фото-подкаст студиясында бүгін «Бір шәугім шәй» бағдарламасының түсірілімі болды. Редактор Гүлсім Нұрланқызы ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері Сәлима Малимовамен сұхбат жүргізді. «Шамшырақ» фото-подкаст студиясының қызметімен, мүмкіндігімен танысқан Мемлекет басшысы редакторымызға Сыр еліне жасаған келесі сапарында арнайы сұхбат беретінін жеткізді.