«Жас отау» - жас отбасылар клубы
2023-10-10

Мемлекет басшысы орталықтағы “Жас отау” жас отбасылар клубында болды. Клуб жетекшісі А.Хабиева мәртебелі меймандарға “Жас отаудың” мақсат-міндетін, алдағы жоспарларын айтты. Жалпы, клуб отбасы құндылығын арттыруды, бүгінгі бойжеткен ертеңгі келінге өзге үйдің отын жағудың, отбасын құрудың  қыр-сырымен таныстыруды, қалыңдықтың келіндік келбетін қалыптастыруды көздейді.