Мемлекет басшысы - «Мирас» әжелер клубында
2023-10-10
Мәртебелі қонақтар өмір көрген, тәжірибелі, өңірімізге белгілі ісмер аналардың, әжелердің өмір салтын өнегелеу, әжелер институтын жандандыру мақсатындағы «Мирас» әжелер клубында болды. Ұрпақтар сабақтастығының да көрінісі - осы жерде. Бүгін мұнда орталықтың қолөнер шебері Жұмағұлова Ақмарал пайдасы мен тәлімі мол өнерге бет бұрған жас қыздарға ақыл-кеңесін беріп, шеберлік сағатын өткізді.