«Саутс-Ойл» компаниясының Президенті Серікжан Сейітжанұлы «Анаға тағзым» орталығының қызметімен танысты
2023-10-02
Бүгін «Саутс-Ойл» компаниясының Президенті Серікжан Сейітжанұлы «Анаға тағзым» орталығында болып, мәдени нысанның қызметімен танысты. Облыс әкімі Н.Нәлібаев мәртебелі мейманға сыртқы келбеті мен ішкі мазмұны үйлесім тапқан құтты шаңырақтың барша ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер үшін мән-маңызын атап өтті.
Заманауи технологиямен жабдықталған «Шамшырақ» фото-бейне студиясын тамашалау барысында С.Сейітжанов орталық басшысы А.Молжановаға сұхбат берді. Еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі компания Президенті «Анаға тағзым» орталығының жұмысына сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.