«Анаға тағзым» орталығы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған
2023-09-29

 

«Анаға тағзым» орталығында соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған 4 клуб («Мирас» әжелер клубы, «Бойтұмар» қыздар клубы, «Ана тілі» дебат клубы, «Жас отау» жас отбасылар клубы және Психолог-медиатор кабинеті), 2 студия («Береке» аспаздық студиясы, «Шамшырақ» фото-бейне студиясы) жұмыс істейді. Бұдан бөлек, «Ұлт жақұты» музейлік залы, 40 орындық конференц зал, 70 адамға лайықталған мәдени-концерттік зал және «Coworking» орталығы бар. Шара барысында мәртебелі меймандар орталықтың ішкі көрінісі мен клуб-студиялардың жұмыстарымен танысты.