«Креативті индустрия орталығы» атты көрме
2023-09-29
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауындағы басты талаптардың бірі – креативті индустрияның жандануын ұйымдастыру. Яғни, әйелдердің өз кәсіптері арқылы өнімдерін коммерциялауға қолдау көрсету. Бұл бағытта ғимараттың бірінші қабатында «Креативті индустрия орталығы» атты көрме көпшілік назарына қойылды. Көрмеде қызылордалық кәсіпкер қыз-келіншектер өз қолынан шыққан туындыларын, сатылымға шығарып жүрген қолөнер бұйымдарын жұртшылыққа ұсынып, жарнамалады.