КИЕЛІ МЕКЕН: ТАЗАЛЫҚ. ТӘРТІП. МӘДЕНИЕТ
2024-04-16

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында орталық қызметкерлері Жалаңтөс Баһадүр және Мұхтар Әуезов ескерткіштерінің маңайын абаттандырды. Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, өскелең ұрпаққа өнегелі істі насихаттауға бағытталған шараға еңбек ардагерлері мен аймақ жастары өз үлесін қосты.
 

 Игі бастама аясында ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, «ДАМУ LIFT» жобасының қатысушылары ләңгі теуіп, асық ойнап, садақ атудан өзара бақ сынасты. Орталық жанынан құрылған «Мирас» әжелер ансамблінің мүшелері мен еңбек ардагерлері экологиялық шараның мән-маңызына тоқталып, жастарды тазалық пен тәртіпке шақырды. Сенбілік соңында қатысушылар «Береке» аспаздық студиясы ұсынған ұлттық дәмнен ауыз тиді.