12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
2024-04-12

Ғылым қызметкерлерінің күні дәл осы датаға бекітілгені жай сәйкестік емес. Бүгін – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Сондықтан, қазақтан шыққан тұңғыш академиктің құрметіне бұл күні ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер мерекесі атап өтіледі.

Айтулы күнге орай орталық базасында дөңгелек үстел өтті. Ғылымдағы әйелдерге қолдау білдіріп, олардың жетістіктері мен проблемаларын саралауға бағытталған шарада қатысушылар түрлі тақырыпта баяндамалар оқып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Ғылым саласындағы мемлекеттік қолдауларға тоқталды.

Айта кетейік, ғылымдағы нәзік жандарға қолдау білдіру – «AMANAT» партиясының да басты назарында. Сондықтан, партия жанынан құрылған Әйелдер қанатының жұмыс жоспарындағы негізгі 10 басымдықтың бірі осы мәселеге бағытталған. Яғни, ғылымдағы әйелдерге қолдау білдіру үшін аймақ бойынша арнайы жұмыс тобы бекітілді.

Осылайша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университеті ұйытқы болған жиында өзекті тақырып талқыланып, баяндамаларға сай ұсынымдар жасалды.