Қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары
2024-04-10

Орталық базасында өткен кезекті семинарда осы тақырып кеңінен талқыланды. «Брендке бір қадам...» жобасы аясындағы арнайы дәрісте Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова отбасылық бюджетті басқару, кіріс-шығыстарды, пайызды есептеп үйрену, депозитте қаржы жинау сынды әрбір әйел білуі тиіс маңызды мәліметтер айтты. Өз тәжірибесімен бөлісіп, табысты арттырудың өзектілігіне тоқталды.

???? Айта кетейік, мұндай пайдалы дәрістер «Брендке бір қадам...» жобасы аясында орталықта тұрақты түрде ұйымдастырылуда.