КӘСІПКЕРЛЕР БРЕНДКЕ БІР ҚАДАМ ЖАСАДЫ
2024-04-01
Орталық базасында өз өнімдерін тегін жарнамалауға мүмкіндік алған кәсіпкерлер бір ай ішінде 5 миллион теңгеден аса көлемде сауда жасады. Қолөнер туындыларын көпшілікке танытты. Бизнесін кеңейтіп, білімін арттырды. Жеке бренд қалыптастырды.
Қорытынды жиында «Анаға тағзым» орталығының басшысы Алтынай Молжанова жобаның алғашқы қатысушыларына ризашылығын білдіріп, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекованың алғыс хатын табыстады.
Жалпы, сауда-көрмеге қаламыздың 18 креативті кәсіпкері қатысты. Алдағы уақытта байыпты бастама аясында аудандардағы қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылмақ.