«АНАҒА ТАҒЗЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ДЕЛЕГАТТАРЫ ОРТАЛЫҚ ТӨРІНДЕ
2024-03-04

 Қоғам қайраткері Асылы Осман, «AMANAT» партиясының хатшысы, партияның әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова және Қымбат Досжан, Дана Нұржігіт, Елмұра Жаңабергенова, Жеңіс Ысқақова сынды Сыр топырағынан түлеп ұшқан талантты тұлғалар «Анаға тағзым» орталығының төрінен табылды. Мәртебелі меймандар республикалық аналар форумы аясында орталық жұмысымен танысып, Қызылордадағы рухани-мәдени жаңалықтар мен тың бастамаларға ризашылығын білдірді.

Ұлт болашағы қыз баланың бойына төл құндылықтарды сіңіру бағытындағы клуб-студияларда болып, аспаздық студияның берекелі дастарханынан дәм татты. Сондай-ақ, құрметті қонақтар жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлеріне қолдау көрсетіп, «Брендке бір қадам...» сауда көрмесінен ұнатқан тауарларын сатып алды. Кәсіптеріне сәттілік тіледі.