Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары және аналарының қатысуымен өткен шарада ана мен бала арасындағы нәзік қарым-қатынас, жиі айтыла бермейтін жылы сөздер, жүрек түбіндегі сырлы сезімдер ақтарылып, ерекше атмосфера орын алды.
Күнделікті қайталанатын үй тірлігі, жұмыс, күрделі оқу процесінен ана мен баланың өзара сырласуы үшін мүмкіндік бола бермейтіні рас. Сондықтан, психолог Аруна Ергеш қонақтармен «Бір-бірін тану», «Мені түсінші», «Ана мен бала формасы», «Мен жақсы көремін», «Балам саған айтамын, Анашым сен тыңда!» атты арнайы жаттығулар орындатты. Нәтижесінде, қыздар аналарына айта алмай жүрген сезімдерін жеткізіп, аналары да балаларының жан-дүниесіне үңілді. Бір-біріне сүйіспеншілік сезімдерін білдіріп, көз жасына ерік берді.