МЕЙІРІМ ШУАҒЫ. ШҰҒЫЛАЛЫ МЕРЕКЕДЕГІ ШАТТЫҚТЫ ШАРА
2024-03-01

«Анаға тағзым» ашылғалы клуб мүшелері қолөнердің түр-түрін үйреніп, бос уақытын тиімді өткізіп келеді. Ал, гүл көктем қарсаңында көпшілікке қуаныш сыйлау мақсатында олар білген-түйгенін пайдалы бағытта жүзеге асыруды жөн көрді. Осылайша, денеге жылы әрі ыңғайлы кеудешелер мен бас киімдер, сөмкелер, жамылғылардың түр-түрін өз қолдарымен, бар махаббатымен тоқыды.

Көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесі қарсаңында орталық ұжымы концерттік бағдарламаға ұйытқы болып, шын жүрекпен әзірленген жып-жылы сыйлықтар балалар ауылының балғындарына табысталды.

Орталық ішін әсем ән мен тәтті күйге бөлеген «Мейірім шуағында» сондай-ақ, басты қонақтарға «Абзал және К» компаниясы ұсынған тәттілер үлестіріліп, балалар қуанышын еселей түсті.