ҚР Мәдениет және ақпарат министрі орталық жұмысымен танысты
2024-03-03

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева Сыр өңіріне іс-сапары барысында орталығымызға арнайы келді. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, қыз-келіншектерді қолдау, дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты.

Министр ең алдымен, креативті кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлерінің туындыларын жарнамалауға бағытталған «Брендке бір қадам...» сауда көрмесін аралады. Кәсіпкерлермен тілдесіп, сауда алаңының тиімдігі мен мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап алды.

Мұнан соң, қыз-келіншектердің бойына төл құндылық, ұлттық код, қазақы тәрбиені сіңіру бағытындағы клуб-студияларымыздың қызметінен хабардар болды. Сондай-ақ, «Анаға тағзым» орталығының жанынан құрылған ерікті әжелер ансамблінің өнерін тамашалады.