КИНОҒА КЕЛ, ҚАЛҚАТАЙ!
2024-01-23
«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» – отандық киноөндірісте салмақты тақырыпты көтеріп, көрерменнің жоғары бағасына ие болған көркем туынды. Фильм-картинада 1930 жылдары қазақ халқының басына түскен нәубетті кезең, яғни, ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар шебер көрсетілген. Әсіресе, тарихи драмаға тәрбиелік маңыз, көркемдік бояу қосқан ана мен баланың шексіз махаббаты қөзіқарақты көрерменге ой салып, ерекше әсер қалдырғаны белгілі.
Отансүйгіштікке баулып, ана қадірін ұғындыра түсетін көркем туындыны «Анаға тағзым» орталығында бірге көруге шақырамыз, құрметті оқырман! Ойталқы алаңында фильмнен алған әсерімізбен бөлісіп, оқиғаның ұтымды тұстарын талдайық!
Ана тілге құрмет отандық туындыларға қолдау білдіруден басталады!