AMIGURUMI - ойыншықтарды тоқу бойынша шеберлік сағаты
2024-07-22

???? Интеллектуалды сұрақтар қойып, сыйлықтармен қуантамыз! 24 шілде, сағат 18:00-де CREATIVE URBAN TOUR-дың кезекті басқосуы!

Бұл жолы жас достарымыз «Amigurum» өнерімен танысады. Яғни, тоқымашы Ақатаева Айғана ойыншықтар тоқу әдісімен бөліседі. Мұнан бөлек, қолөнерге бейімділігі бар жас дарындарды «Анаға тағзым» орталығы базасында тегін ұйымдастырылатын сабақтарына қатыстырады.
Ендеше, өз қабілетімізді көрсетуге асығайық достар!

???? Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сырдария – 6 ықшам ауданы