Ұлттық әрі заманауи ойындар! Тәттілер мен сыйлықтар! 5 шілде, яғни бүгін, кешкі сағат 19:00-де CREATIVE URBAN TOUR-дың алғашқы бағдарламасы!
2024-07-05

 БҮГІН - ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТАТЫН КҮН!

???? Ұлттық әрі заманауи ойындар! Тәттілер мен сыйлықтар! 5 шілде, яғни бүгін, кешкі сағат 19:00-де CREATIVE URBAN TOUR-дың алғашқы бағдарламасы!

???? Креативті әрі шығармашылық жоба жаз бойы, апта сайын қалаға қарасты шағын аудандардың бүлдіршіндеріне көтеріңкі көңіл күй, пайдалы демалыс, жаңа таныстық сыйлауды көздейді. Қала турының алғашқы күнінде балғындармен заманауи көкпар, арқан тартыс ойнап, үздіктерін марапаттаймыз. Астана күніне орай интеллектуалды сұрақтар қойып, сыйлықтармен қуантамыз!

???? Ендеше, бүгін, кешкі сағат 19:00-де Ж.Абдрахманов көшесі 17А мекенжайындағы футбол алаңында бас қосайық, достар!