Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Биыл бұл мереке 16 маусымға тұспа-тұс келіп тұр.
2024-06-11
Атаулы датаға орай 14 маусым күні «Анаға тағзым» орталығында «МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН...» атты OPEN TALKS форматында кездесу өтеді. Шарада ер адамның қоғамдағы рөлі, отағасының отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі мән-маңызы кеңірек талқыланбақ.
Жүз мектеп бере алмайтын тәрбиені бойға сіңіртіп, таудан биік талапты болуды үйрететін алып бәйтерек әкелерімізге арналған кездесуге баршаңызды шақырамыз!