МӘДЕНИ ҚАЗЫНАЛАР – ЖАСТАР КӨЗІМЕН
2024-06-03

Фото-видео түсіруге қызығушылығы бар жастар назарына!

«Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен 6 маусым күні «Syr beinesi» жастар фестивалі өтпек. Жергілікті мәдени брендтерді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатындағы шарада қатысушылар қаладағы бірқатар тарихи-мәдени нысанға экскурсия жасап, әрбір локациядан өздері түсірген ерекше, креативті фото-суреттер мен видеоларын әлеуметтік желіде жариялауы қажет.

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жұмыс авторлары арнайы номинациялар және сыйлықтармен марапатталады.

Тіркелу және толық ақпарат үшін 8 707 787 0297 байланыс нөміріне хабарласыңыздар.