ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТКЕН АСЫЛЖАН АБДУЛЛАЕВПЕН КЕЗДЕСУ!
2024-04-29

Ертең! Яғни, 30 сәуір күні «Анаға тағзым» орталығында ерекше форматтағы шеберлік сағаты болмақ.

Бүгінгі күннің тренд тақырыбына айналған жасанды интеллектті ұршықша иірген креативті оқушы «ДАМУ LIFT» жобасы қатысушыларына пайдалы ілім-біліммен бөліседі.

Ұшы-қиыры жоқ ғаламтор кеңістігін ұтымды қолданып, бірнеше жоғары оқу орны грант ұсынған 11 сынып оқушысымен кездесемін десеңіз есігіміз ашық!  

Мекенжайымыз: Н.Назарбаев даңғылы, 24А, «Анаға тағзым» орталығы