Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға әрдайым қолдау керек. Бар уақытын, күш-жігерін, арман-мақсатын перзент саулығына бағыттаған әйелдер үшін орталық базасында арнайы жиын өткізбекпіз.
2024-04-12

Басты мақсат – психикалық дамуында тежеуі бар балғындардың аналарына рухани әрі психологиялық көмек көрсету. Көкейдегі сауалдарына жауап табуға, өзара тәжірибе алмасуларына, сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен бетпе-бет сұхбат құруға мүмкіндік жасау.

???? TED TALK форматындағы жиын 19 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді. Қатысушылар саны шектеулі. Сондықтан, шараға қызығушылық танытқан жандар +7 705 147 2300 байланыс нөміріне хабарласып, алдын ала тіркелуі қажет.