ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АС МӘЗІРІН ҚАНДАЙ ЖАҢА ТАҒАМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУҒА БОЛАДЫ?!
2024-04-09
Қаламыздағы белгілі мейрамханалардың аспаздары бұл сұраққа бірге жауап іздемек. 11 сәуір «Анаға тағзым» орталығында Сыр елінің креативті аспаздары дөңгелек үстелде алғаш рет бас қосып, өзара тәжірибе алмасады. Қонақжай қазақтың берекелі дастарханына дәмді, пайдалы әрі құнарлы тағамдардың жаңа мәзірін әзірлеуге қатысты ой-идеяларын ортаға салмақ.
???? Өтетін уақыты: 11 сәуір, сағат 11:00.